Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы қалта ұрыларын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Алматыда осы жылдың ішінде 194 қалта ұрысы ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Ұрлықшылар әлемінде "қалта ұрысы" деген мамандық бар. Оларды кейде "щипач" деп атайды.

Осы орайда Алматы полициясы оңай ақша тапқысы келетіндермен күресу үшін көптеген жұмыстар жүргізуде.

"Қалта ұрыларын ұстау үшін жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері шығады. Олар қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерді қадағалап отырады.
Тәжірбиеге сәйкес қалта ұрыларының басым бөлігі таңертеңгі және кешкі уақытта адамдар жұмысқа, оқуға бара жатқанда жемтігін іздейді. Бұндай абыр-сабыр кезде әрекет ету оңай.
Бүгін мегаполистің полиция қызметкерлері адамдарға қоғамдық орындарда сақ жүру үшін түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Жолаушылардың ойына салу үшін қоғамдық көліктерде қалта ұрыларының суреттері мен олар туралы мәлімет ақпараттық парақшаларда ілініп тұрады", - деді Алматы қаласы ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы полиция подполковнигі Есен Ысқақов.
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті
Қалта ұрылары/Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1790961-almaty-policiasy-kalta-rylaryn-krsetti-foto/

pixel