Елімізде мемлекеттік баспананы тегін алатын 10 топқа кімдер жатады?
Опубликовано:
Қазақстанның заңына сәйкес мемлекеттік баспананы тегін алатын азаматтардың он тобы қарастырылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: oceanbank.ru Көрнекі фото: oceanbank.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/7031313de95b3b1b.jpeg)
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы тегін алуға құқылы тараптар:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
- Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттарды жоюға қатысқандар;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
- КСРО-ны қорғау кезінде, әскери міндеттерін орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты сырқаттанғандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жараланып, контузия алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
- Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;
- Күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек еткен әскери қызметшiлер (қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат немесе ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, баспананы өтеусіз алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады;
- саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар адамдар;
- қызметін атқару кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері енген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791001-memlekettik-baspanany-kimder-tegin-alady/