Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады

Опубликовано:

Кааба и молящийся человек
Фото: Depositphotos

ҚМДБ биыл Рамазан ай 6 мамырда басталатынын мәлімдеді. Ал ораза айттың алғашқы күні 5 маусымға сәйкес келіп тұр деп хабарлайды muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратқан.

ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарған.

Биыл мұсылман қауымы 30 күн ораза ұстайды. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге, ал ораза айттың бірінші күні 5 маусымға сәйкес келеді.

Сонымен қатар, ҚМДБ шариғат бойынша балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға рамазан айында күнде таң атқаннан күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз екенін ескертті.

2019 жылғы Ораза және намаз кестесін muftyat.kz сайтынан жүктей аласыз.

Фото: ҚМДБ/ Sputnik Қазақстан
Фото: ҚМДБ/ Sputnik Қазақстан: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791295-biyl-ramazan-ajy-6-mamyrda-bastalady/

pixel