Оралда адамдар тұрған балкон опырылып түсті (фото)

Опубликовано:

Оралда балконы опырылып түскен үш қабатты тұрғын үйдің мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мен қалалық тұрғын үй инспекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Uralskweek.kz
Фото: Uralskweek.kz: UGC

Қаланың Гагарин көшесінде орналасқан №46 тұрғын үйдің балконы 28 сәуір күні шамамен 23:00-де құлаған.

Пәтер қожайыны бір өлімнен аман қалғанын алға тартты.

"Танысыммен балконга темекі шегуге шыққанбыз. Бәрі де тез болды. Біз зардап шекпедік, бірақ қатты қорқып қалдық", - деді ер азамат.

Төтенше жағдайлар департаменті үйдің балконы бүлінгендіктен құлағанын айтты. Ғимарат 1964 жылы бой көтергенін жеткізді.

Фото: Uralskweek.kz
Фото: Uralskweek.kz: UGC
Оқиға орнында біздің мамандар барды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Монолиттік балкон ғимарат құрылымдарының бүлінуіне байланысты құлады", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Ерлан Түрегелдиев.

Әкімдік қазіргі уақытта Оралда 40 апатты және 200 бүлінген тұрғын үй барын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1791705-oralda-adamdar-trgan-balkon-opyrylyp-tsti-foto/