Ақтауда қызметтік автокөлікте ұйықтаған полицейлер жауапқа тартылды
Опубликовано:
Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған тәртіп сақшылары қатаң сөгіс алды деп хабарлайды lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
![Фото: lada.kz Фото: lada.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/7c7895827217fd24.jpeg)
Оқиға 33 шағын ауданында 28 сәуір күні болған.
Куәгерлер әлеуметтік желіге қызметтік автокөлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерінің суретін жариялады.
Фото әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды:
"Сиеста, иә, міне жұмысқа деген қарым-қатынас, ұқыпсыз қызметкерлерді жинап алып, сосын оларды қорғайды", "Жігіттер демалысын. Робот емес қой", "Бәріміз жұмыс орнында ұйықтайық. Күшті емес пе. Ұшақтар ұшпай, су жоқ, құбыр жоқ", - деп жазды оқырмандар.
Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Тәртіптік комиссия құрылды. Полиция қызметкерлеріне қатаң сөгіс жасалып, түсіндіру әңгімелері жүргізілді", - деп хабарлады ведомствода.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792417-aktauda-kyzmettik-avtoklikte-jyktagan-policejler-zauapka-tartyldy/