RU

Алматыда балаларды тәпішкемен бетінен ұрған балабақша тәрбиешісінің әрекеті видеоға түсіп қалды

Алматы балабақшасында тәрбиешісінің қос бүлдіршінді соққыға жыққаны бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео instavideokzпарақшасында жарияланған. Видео астындағы пікірлерде оқиға №37 балабақшада орын алғаны жазылған.

Кадрда әйел адамның төсекте жатқан бүлдіршінді жұлып алып, басқа бөлмеге әкеткені бейнеленген. Біраздан соң тәрбиеші сол бөлмеге екінші баланы апарған.

Келесі кадрда балалар орналасқан бөлме бейнеленген. Видеода тәрбиелеушінің балаларға бірнеше соққы бергені көрінеді.

Видео монитордан түсіріліп алынған. Кадр сыртында жаға ұстаған әйелдердің таңырқаған дауыстары мен әлдебіреудің жылағаны естіледі.

Тәрбиешінің әрекеті сыңға алынып, ол өзін ақтауға тырысқан.

Құқық қорғау органдары бейнежазбаға қатысты пікір білдірді.

"Видео тексерілуде. Оқиға орнын анықтау шаралары жүргізілуде. Процессуалдық шешім шығарылады", - деп уәде етті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792419-almatyda-balalardy-tpiskemen-betinen-rgan-balabaksa-trbiesisini-reketi-videoga-tsip-kaldy/