Шымкенттік судьялар қызметтік көліктен бас тартып, таксиге отырмақшы
Жарияланған күні:
Шымкент қаласының судьялары қызметтік көліктерден бас тартып жатыр. Олар алдағы уақытта жұмысқа таксимен келіп кетпек деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Бейтілесовтің сөзінше, бұл бюджет шығындарын екі есе үнемдеудің амалы болып табылады.
Оның есебіне сәйкес, жыл сайын 18 автокөлікті жаңартып, жөндетіп тұруға, жанар май шығыны мен жүргізушілердің жалақысына орта есеппен 41 миллион теңге шамасында жұмсалады екен.
Соттар әкімшісінің басшысы такси қызметіне көшу арқылы 20 миллион теңге ұтатындарын алға тартты.
Нұрсұлтан Бейтілесовтің сөзінше, қазіргі уақытта қалалық соттың балансында жеті көлік бар. Оның бесеуі ескі.
Соттар әкімшісінің басшысы негізінен қызметке бас аяғы 18 көлік қажет болғанын жеткізді.
Оның сөзінше, тағы 11 көлік жаңадан сатып алуды ойластырыпты.
Нұрсұлтан Бейтілесов қызметтік көліктердің ендігі тағдырын арнайы мекеме шешетінін атап өтті.
"Мемлекеттік мүлік және привотизация бойынша департаментке біздің қолданыстан шыққан көліктер берілетін болады. Олар қажеттілігіне қарай өздері, ол жағын біз шешпейміз, қайда қай бағытта мүмкін аукционға шығарып сатады ма, ол жағын біз шешпейміз. Біз үкіметтің қаулысына қарай сол жақа береміз. Одан әрі қарай реализациясына солар жауап береді", - деді ол.
Байтілесов судьялар такси қызметін жұмысқа келіп-кетуге және түскі үзіліске шығу кезінде қолдана алатынын ашып айтты.
Ол бұдан бөлек қажеттілікке қарай екі рет шақырта алатынын да жеткізді.
Соттар әкімшісінің басшысының сөзінше, оның бәрі арнайы бейнетаспа арқылы бақыланып отырады.
А.Төребекқызы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792439-taksimen-zredi-symkentti-sudalary-kyzmettik-klikten-bas-tartuda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.