Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүшеқап тауып алдым": 10 жас үлкен күйеуінен күдіктенген әйел мұңын шақты

Опубликовано:

Осыдан бір ай бұрын өзінен 10 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан әйел сырымен бөлісті. Ол енді ғана отау құрса да, күйеуінің "қыдырып" кеткенін байқап қойған. Бұл туралы келіншек Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: zen.yandex.ru
Көрнекі фото: zen.yandex.ru: Facebook

Әйелдің айтуынша, ол жұбайымен сүйіп қосылған.

"Күйеуім 10 жас үлкен. 3-4 күннен бері отырыстар көбейіп кетті. Кеш келеді. Жаңа ғана қалтасынан мүшеқап тауып алдым. Енді жылап отырмын. Неге еркектер сондай? Өз-өзіме қарап, таза жүремін. Түрім де, фигурам да жақсы. Тамағын істеп, кірін жуып, үйін таза етіп ұстап отырамын.
Қабағымды шытпаймын, сіз деп сөйлеймін. Енді не істерімді білмеймін. Мүшеқапты ашып, көріп, қайта целофанына салып, қалтасына салып қойдым. Негізі қалтасын тексермеймін. Тек жыртығын тігейін деп, байқамай көріп қалдым",- дейді ол.

Не істерін білмеген келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792551-msekap-tauyp-aldym-10-zas-lken-kjeuinen-kdiktengen-jel-myn-sakty/

pixel