Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Тимирязев көшесінде троллейбустер қозғалыссыз тұрып қалды (фото)

Опубликовано:

Алматыда Тимирязев көшесінің бойында бірнеше троллейбус қозғалыссыз тұрып қалды. Қоғамдық көліктер байланыс желісінің үзіліп кетуінің салдарынан тоқтап қалған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Троллейбус қозғалысын қамтамасыз ететін тоқтар Тимирязев көшесінде Манас пен Әуезов көшелерінің аралығында үзіліп қалған. Қазіргі таңда, олар автокөліктер мен қоғамдық көліктер үшін арнайы бөлінген BRT линиясының бойында жатыр.

Апатты жағдай бүгін сағат 14:00 шамасында орын алған.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Анықталғандай, жолда үлкен кептеліс орын алмаған. Алайда, троллейбустер жөндеу жұмыстарының аяқталғанын күтуде. Қызметкерлер оқиға орнына жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орны. Фото: zakon.kz
Оқиға орны. Фото: zakon.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792559-almatyda-timirazev-ksesinde-trollejbuster-kozgalyssyz-tryp-kaldy-foto/

pixel