Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздар арасында гір тасын көтеруден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы кім?

Жарияланған күні:

Меруерт Сүлейменова
Фото: Depositphotos

Бойжеткендер арасында гір спортынан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ақмола облысының Жарсуат ауылында тұрады. Ең қызығы, Меруерт Сүлейменова өз ауылынан алысқа кетпей-ақ, үлкен жетістікке жетіп жүр деп хабарлайды 31 арна.

Кішкентай ғана Жарсуат ауылында тұратын Меруерт Сүлейменов 15 жасынан бастап гір спортымен айналысқан. Ол Қазақстанның 12 дүркін жеңімпазы қыздар арасында әлемнің екі дүркін чемпионы.

Бастапқыда 12 келілік гірді көтерсе, кейін 24 келілік гірге ауысқан. Меруерттің сөзінше, ол 19 жасында әлем чемпионы атанған және қазір бұл спорттың түрінде қазақ қыздары көбейіп келе жатыр екен.

63 келі салмақта талай додада топ жарған батыр қыздың алған жүлделерінде есеп жоқ. Оның бұл спорттың түрімен шұғылдануына ауыр атлетикамен айналысқан ағалары себеп болыпты.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Меруерттің әр жарысына ауылдағы үлкен жанұясы қолдау көрсетіп, дем беріп отырады. Тіпті, Жарсуаттан көрші ауылдағы жаттықтырушысына әжесі өзі көлікпен апарып-алып келеді. Себебі Жарсуатта үйірме болмағандықтан Меруерт 15 шақырым жердегі Жалтыр ауылында жаттығады.

Ал бойжеткеннің жаттықтырушысы сол ауылдағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Айтуынша, Меруерт әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Сонымен қатар ол бұл спорт түрі қыз баланың болмысына қатты әсер ете қомайтынын айтады.

Айта кетейік, Меруерт Сүлейменов спорттан өзге, Жарсуат ауылындағы мектептің дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Қолы бос кезде әкесінің шаруашылығына көмектеседі. Ол ауыр техникаларды еркін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1792674-kyzdar-arasynda-gir-sportynan-kazaktan-sykkan-tgys-lem-cempiony-zajly-ne-bilemiz/