Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бауырларымды қуады": Анасы ішімдікке салынып кеткен келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Бүгінде жұбайымен бақытты өмір кешіп жатқан келіншек басқа нәрсеге алаңдап жүр. Бес бауыры бар әйел үйіндегі ата-анасы мен отбасы жағдайын уайымдайды. Оның басты себебі, анасының ішімдікке ден қойып, жүріс жасайтыны екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: choiz.me
Көрнекі фото: choiz.me: Facebook
"Кейінгі кезде анам ішімдікке салынып кетті, онымен қоймай жүріс жасайды. Өзінің жаман жолда жүргенін түсінгісі келмейді. Көрші-қолаң, бүкіл ауыл анамның бұл қылығын көріп, біліп отыр. Əкеме балаларды алып кет десем, ел-жұртқа күлкі боламын дейді.
Құр ішіп жүрсе мейлі ғой, балаларды ұрып-соғып, әкем жұмыста болған кезде үйге еркектерін əкеліп, бауырларымды далаға қуады екен. Бауырларыма жаным ашып, жүрегім ауырып отыр. Күйеуімнен де ыңғайсызданамын", - дейді ол.

Не істерін білмеген әйел енді заңға жүгінсем бе деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793075-bauyrlarymdy-kuady-anasy-isimdikke-salynyp-ketken-kelinsek-myn-sakty/

pixel