Нұр-Сұлтанда автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, екі адамды қағып кетті
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті деп хабарлайды AstanaLRT-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты туралы қала тұрғыны Асия Манакбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Оның сөзінше, 12 мамыр күні таңғы сағат 8 шамасында автобус жаяу жүргіншілер жолағында қызы мен тағы бір адамды қаққан.
Манакбаева қоғамдық көлік бағдаршамның қызыл түсіне өткенін айтты.
Астаналық тұрғын, қызының ауыр жарақат алғанын да алға тарты.

AstanaLRT жол апаты фактісінің тіркелгенін растады.
Компанияның хабарлауынша, 12 мамыр күні 07:52-де Қабанбай батыр көшесінде №21 маршруттың жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілмеген түсінен өтіп, екі адамды қағыпты.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жүргізушінің үстінен хаттама толтырды", - деді компания.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793468-nr-sltanda-avtobus-bagdarsamny-kyzyl-tsine-tip-ek-adamdy-kagyp-ketti/