Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

Опубликовано:

Дәстүр бойынша BI Group компаниясы әр «мыңыншы» клиентін құттықтап, тосынсый жасайды.

Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

Бұл жолы BI Group-тың Алматыдағы «4 мыңыншы клиенті» болу құрметі Салимовтар отбасына бұйырды. Компания сыйлық ретінде – паркинг орнын табыстады! Отбасы пәтерлерін Алматыдағы Bereket тұрғын үй кешенінен таңдапты.

Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

Құрылысшылар құттықтауды пранк ретінде өткізді. Оны жасауға актер, видеоблогер, «Патруль» телехикаясының жұлдызы – Мейіржан Төребаевты шақырған екен.

"Бір аттас Алмат есімді менеджер, қоңырау шалып, үйді тапсырар алдында пәтерімізді көріп шығу керектігін айтып, бізді шақырды. Баруға уақытымыздың ыңғайы келмеді, бірақ балам Алмат қалай да уақыт тауып бару керектігін айтты. Осылайша, біз, құрылыс алаңына келдік. Тұран есімді қызметкер, құрылыста тексеріс жүріп жатқанын айтып, оның «кінәсін жауып» көмектесуін өтінді. Өтініп сұрап тұрғаннан кейін, бетін қайтармадық. Біз сонда Мейіржанды бір көргеннен танымадық, бетіне жақсы грим жасап алған, бірақ оның шығармашылығымен таныспыз. Өзін Техқадағалаудың инспекторы деп таныстырған ол, үсті-үстіне сұрақтар қоя бастады. Бірақ біз, үйдің 30 маусым күні тапсырылатынын білгеніміз болмаса, үй құрылысынан еш хабарсыз екенімізді айттық, деп күледі пәтер иесі", - бұл туралы хабарсыз болған Марат пен ұлы Алмат оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

BI Development Almaty жобаларының директоры Мұхамеджан Әбішев пранкты қалай дайындағаны туралы айтып берді.

"Оларды қалай таң қалдырсақ екен деген ой бізді біраз мазалады. Сөйтіп жүріп, Мейіржан есімізге түсті, жұбайы Дана Есеева екеуі біздің болашақ тұрғындарымыз ғой! Мейіржан бізге көмектесуге келісті және ол техникалық қадағалау маманының рөлін тамаша алып шықты", - Мұхамеджан Әбішев айтты.
Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

Әкесі мен баласының қуаныштарында шек жоқ.

"Компания бізге тегін паркинг орнын беріп, тамаша сыйлық жасады! Біз болашақ пәтерімізге жөндеу жұмыстарын жасатып, жиһаз таңдап, содан соң паркинг орнын алуды ойластырып жүрген едік. Міне, көрмейсізбе, бұлай болады деп кім ойлаған, тіпті өз-өзімізге сене алмадық. Шын мәнінде, BI Group клиенттерін қуантып, тосынсый жасауды біледі! Үлкен рахмет сіздерге", - деп айтып кеттi.
Мейіржан Төребаев BI Group клиентіне пранк жасады

Айта кетейік, BI Group холдингі Алматы қаласының жылжымайтын мүлік нарығында 2013 жылдан бастап жұмысын жүргізіп келеді. Мұнда барлығы 5 тұрғын үй кешені салынды: «Асыл Тау», Amanat, Art Residence, «Сезам», «Жаңа Жетісу». Бұл 2 700 пәтер - 310 000 шаршы метр.

Дайын пәтерлерді сатып алу сұрақтары бойынша Алматы қаласындағы Сату және ипотека орталығынан біле аласыз.

Мекенжайы: Алматы қ., Меңдіқұлов көшесі, 25.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793570-mejirzan-trebaev-bi-group-klientine-prank-zasady/