Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АТФБанктің тегін аударымдары Ватиканға дейін жетті

Опубликовано:

Көптеген адамдар АТФБанктің вертикалды картасының керемет опциясы туралы хабардар (ол №1 карта, «единичка» деп те аталады): ай сайын Қазақстандағы және әлемнің басқа да елдеріндегі банкоматтар арқылы картадан 300 мың теңгеге дейін (немесе валютадағы баламасында) ақшаны комиссиясыз алуға болады.

Сонымен қатар, қазақстандық, сондай-ақ шетелдік кез келген банктің картасына ай сайын комиссиясыз 60 мың теңгеге дейін аударым жасауға болады.

Тегін аударымдардың жартысынан астамын клиенттер басым түрде Қазақстан ішінде жасайды. Бұл көбінесе сол 60 мың теңге сомасына кіретін операциялар. Яғни олар тегін жүргізіледі. Ата-аналар аударымдар жасау арқылы өздерінің балаларына, ересек балалар ата-аналарына зейнетақыларына қосымша көмек ретінде ақша жіберіп отырады.

Банк, №1 картаны шығара отырып, өзінің клиенттік базасына талдау жасаған және клиенттер айына шамамен 30-32 мың теңге аударатындығын анықтаған. Осылайша, ішкі аударымдар бойынша «комиссиясыз» қор қомақты болып тұр.

АТФБанктің тегін аударымдары Ватиканға дейін жетті

Ал шетелге жасалатын аударымдардың статистикалық мәліметтері тіпті қызықты. Бірінші орында – Ұлыбританияға аударымдар, екінші орында – Ресейге, ал үшінші орында – АҚШ, төртінші орын – Араб Әмірліктері тұр және алушы топ 5 ел тізімін Оңтүстік Корея аяқтайды.

Бұдан әрі соманың кемуіне қарай Германия, Италия, Франция, Түркия және Чехия болып кете береді. Ал Багдад, Касабланка және Ватиканға транзакциялар тіпті экзотикалық көріністе.

АТФБанктің тегін аударымдары Ватиканға дейін жетті

"Мен ақшаны немере ағама жібердім. Олар сол сәтте Ватиканда болды. 200 мың теңгені екі бөліп аудардым: 60 және 140 мың теңге. Бірінші аударымға комиссия мүлдем алынбады. Тиімді әрі ыңғайлы». Естеріңізге сала кетейік, аударымдар теңгемен жасалады, ал қажет болған жағдайда басқа валюталарға ауыстыру шетелдік картада жүзеге асырылатын болады", - дейді вертикалды картамен аударым жасаған Аслан.

Бұл жерде, Ватиканға ақша жөнелтуші жақсы лайфхак жасады. Егер ол бір төлеммен 200 мың теңгені бірден жіберген болса, комиссия барлық сомадан ұсталушы еді.

Сондай-ақ, вертикалды картамен шетелде төлем жасаудың да өзіндік плюстері бар: карта мультивалюталы (доллар, теңге, рубль және еуро), сондықтан да бұл валюталарға ауыстырудан қолма-қол ақша алса да және тікелей картаның өзінен төлем жасаған кезде де шығын болмайды.

АТФБанктің тегін аударымдары Ватиканға дейін жетті

Жалпы, №1 картадан жылына 3,6 млн. теңгеге дейін соманы тегін алуға және 720 мың теңгеге дейінгі соманы тегін аударуға болады. Ал егер отбасында бірнеше карта болса, комиссиясыз алу және аудару мүмкіндігі еселене түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793634-atfbankti-tegin-audarymdary-vatikanga-dejin-zetti/

pixel