Оралда құны 250 млн теңге тұратын зәулім үйлердің көрінісі қандай? (фото)
Жарияланған күні:
Хабарландыру сайттары Оралдағы ең қымбат үйдің құнын атады. Коттедж 250 миллион теңге тұрады. Бұл сомаға сатушы жертөле қабаты бар жайлы кірпіш үй сатып алуды ұсынады деп хабарлайды "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Зәулім ұй 2006 жылы Шаған өзені жағалауында бой көтерген.
Тұрғын үйде автоматты түрде суарылатын абаттандырылған аумақ, кірпіш күркелі 20 сотық жер, алауошақ және тұрақ бар.

Бірнеше қабатты үй екі жатын бөлмемен, жұмыс кабинетімен, қонақ бөлмесімен, асхана, ас үйі, кіреберіс, тұрмыстық бөлме, қысқы бақ, газ жылытқышы бар моншамен, жуынатын кабинамен жабдықталған.
Бөлме төбесінің биіктігі үш метрді құрайды. Сатушының айтуынша, үйдің терезелері еуропалық стандартты неміс шынысынан жасалған. Үй торлармен қоршалған.

Бұдан бөлек, танымал krisha.kz хабарландыру сайты ең қымбат жылжымайтын мүлікті 250 млн теңгеге сатып алуды ұсынады. Бұл сомаға 12 сотық жері бар ауданы 490 шаршы метрді құрайтын 12 бөлмелі үш қабатты үй сатып алуға болады екен.
Үй Хамза Есенжанов көшесінде орналасқан. Ішінде бассейні мен саунасы, бірнеше көлік тұрағы, дәлізі мен бағы бар. Сонымен қатар, үйге еурожөндеу жасалған, ал сатып алушыға иесі тұрғын үйді жиһазбен бірге қалдыруға уәде береді.

Қаладағы ең беделді Самал - 1 ауданында орналасқан үш қабатты коттедж де 250 млн теңгеге бағаланып отыр. 2012 жылы салынған үйде төрт бөлме, еурожөндеу, бейнебақылау және тәулік бойғы күзет бар.
Иесінің сөзінше, зәулім үй авторлық жобы бойынша салынған. Бірінші қабатта ас үй студиясы мен қонақ бөлмесі, жатын бөлмесі және шыны есікпен жабылатын жылы бассейні бар.

Екінші қабатта жуынатын бөлмемен жабдықталған кең жатын бөлмесі мен балалар бөлмесі және джакузи орналасқан.
Астыңғы қабат екі сауна, ойын бөлмесі мен зат сақтайтын бөлмелермен және жылы еденмен қамтамасыз етілген.

Жылжымайтын мүлікке 10 сотық жер мен екі көлікке арналған жылынатын тұрақ, барбекю алаңы бар дәліз кіреді. Барлық аймақ қоршауға алынған, үй қымбат материалдармен әрленген. Иесі сатып алушыға үйді жиһазымен бірге қалдырады екен.

Аумағы 310 шаршы метрді құрайтын үш қабатты коттеджді сатып алушыға 180 млн теңгесін сарп етуге тура келеді. Қаланың орталығындағы үй Тайманов көшесі мен Еуразия даңғылының қиылысында орналасқан.

Жер телімі қаңылтырдан жасалған дуалмен қоршалған. Үйдің айналасына жеміс-жидек ағаштары мен бұталар отырғызылған.

Жер телімі аумағында тұрақ, жазғы ас үй бар, олардың астында көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған жертөле де қарастырылған. Үйдің айналасында бейнебақылау орнатылған.

Үйде 10 бөлме, жаттығу залы және бильярд бөлмесі бар.

Сондай-ақ, 203 млн теңгеге қала орталығынан алты бөлмелі коттедж сатып алуға болады. Тұрғын үй алаңы 700 шаршы метрді және 20 сотық аумақты құрайды.

Төрт қабатты үйге еврожөндеу жасалған. Сонымен қатар ішінде сауна және бассейн бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793757-oralda-kny-250-mln-tege-tratyn-zulim-jlerdi-krinisi-kandaj-foto/