Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абаев мереке күндері желіде болған ақауларға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамыр күнгі интернеттің бұғатталуына министрліктің қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абаев демалыс күндері болған интернет ақауларына қатысты түсініктеме берді
Көрнекі фото: ubr.ua: Facebook
"Құрметті әріптестер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланыс үшін жауап бермейді. Бұғатталуларға министрліктің еш қатысы жоқ...
Қазір нақты түсініктеме бере алмаймын, бірақ провайдерлер техникалық ақаулар болғанын хабарлады.
Бұл сауалды оларға жолдап, нақты қандай техникалық ақаулар болғанын сұрау керек шығар", - деді ол.

Сондай-ақ министр сайлау күні де желіге қосылуда қиындықтары туындамай ма деген сұраққа да жауап қайтарды.

"9 мамыр күні болған қиындықтар 9 маусым күні де қайталанады деп ойламаймын. Провайдерлер ол уақытқа дейін техникаларын жөндейді деп ойлаймын", - деп сөзін қортындылады Абаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793781-abaev-mereke-knderi-internettegi-akaularga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel