"Барлық қыздар ұнайды: Үйленуді қалайтын жас жігіт жұрттан ақыл сұрады
Опубликовано:
Есімі жасырын болып қалуды ұйғарған 23 жастағы жігіт velikolepnyi_kazakhstan парақшасына басындағы мәселесін жазып, жұрттан кеңес сұрады. Бүгінде отбасылы болуды армандап жүрген ол қызқұмарлығы үшін арулармен көңіл жарастыра алмайтынын айтып, мұңын шақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: zabavatut.ru Көрнекі фото: zabavatut.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/e32d0a177cdf9ff7.jpeg)
Арулардың бәрін бірдей ұнатып қала беретін жігіт өмірлік серігін таңдауда қатты қиналып жүрген көрінеді. Уақытша қарым-қатынастан мезі болған ер азамат енді отбасылы болғысы келетінін алға тартты.
"Маған барлық қыздар бірдей ұнайды. Үйленгім келеді. Бірақ мен қызқұмармын. Мұндай болудан шаршадым. Тұрақты қарым-қатынас болғанын қалаймын .Егер қыз маған ұнаса, мен оған ұнамаймын. Ол мені ұнатса, менің көңілім бұрмайды", - деп жазды жігіт.
Жігіт сүйіктісін кезіктіре алмай жүргенін сөз етті.
"Шынайы махаббатпен отбасын құрсам деймін. Достарым да таныстарын ұсынады. Бірақ жүрегім қаламайды. Менен жасы үлкен-кіші қыздар да болды. Қазір жеке кәсібім бар. Енді отбасын қалаймын. Не істесем болады?", - деп мұңын шақты кейіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793848-otbasyn-krgysy-keletin-kyzkmar-zigit-zrttan-akyl-srady/