Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында арақ қойылған жерге баруға бола ма? (видео)

Опубликовано:

Рамазан айында арақ қойылған жерге баруға бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ мүшесі, белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре ұстаз жауап берді деп жазады Azan.kz Youtube-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеoдан кадр/ Youtube
Фото: Видеoдан кадр/ Youtube: Twitter

Ғалымның айтуынша, ауыз ашқаннан кейін кешкі уақытта арақ қойылған жерге баруға болмайды.

"Жалпы ішімдік қойылған жерге Рамазанның ішінде де, Рамазаннан тыс уақытта да баруға болмайды. Өйткені, пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) араққа қатысты "Алла тағала 10 түрлі адамға лағнет айтты" деді. Яғни, олар Алланың қарғысына ұшырайды деді. Соның бірі ішуші адам, оның қасында отырушы адам, құйып беруші адам, сатушы және тасушы адам деген секілді.Бұл нәрсеге дінімізде қатаң түрде тыйым салынған. Арақ ішкендердің жанында отыруға болмайды.
Алла Тағала Құран Кәрімде "Егер дінге қарсы келіп жатқан істерді көрсең, олармен бірге отырма. Отыратын болсаң, онда сен де солар секілдісің" дейді. Яғни, ол да ішкен адамдардың күнәсін алады. Егер шариғат талабына сай жайылған дастархан болатын болса, ондай дастарханға баруға болады",-деді Ерсін Әміре ұстаз.

Айта кетейік, елімізде қасиетті Рамазан айы 6 мамыр күні бастау алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793876-ramazan-ajynda-arak-kojylgan-zerge-baruga-bola-ma-video/

pixel