Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашымнан сүйрейді": Төрт ай бұрын күйеуге шыққан ару көрген қорлығын айтты

Опубликовано:

Келін болып түскеніне төрт айдан асқан келіншек бүгінде жұбайынан қорлық көріп жүр. 1998 жылы туған ол ақ босаға аттағалы ұрыстан көз ашпаған. Бұл туралы 21 жастағы әйел "Үшбу хат" парақшасында баяндаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: newstracker.ru
Көрнекі фото: newstracker.ru: Twitter

Келіншектің сөзінше, оның күйеуі 1994 жылы туған.

"Неге екенін білмеймін, таңертең ұрыс, кешке ұрыс. Үндемей , сіздік дұрыс деп қоя саламын. Сонда да ұрумен келеді, елдің көзінше де шашымнан сүйреп тұрып ұрады. Ата-анама араға түспеңіздер деп айтамын. Өзім ауылдың қызымын, кетейін десем, ел-жұртқа масқара боламын ба деймін.
Аға-әпкелерім, әке-шешем елдің бетіне қарай алмай қала ма деп қорқамын. Ата-анама айтпағанмын, не дегенмен шыдаймын деп жүрмін. Таяқтан жынды болып қаламын ба деп қорқамын. Өлсем, өлігім шықсын деп жүрмін. Үйге барсам, ішіне сыйған анамның сыртына да сиямын",- дейді ол.

Жастайынан осындай жағдайға тап болған әйел жұрттан кеңес сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793886-sasymnan-sjrejdi-trt-aj-bryn-kjeuge-sykkan-aru-krgen-korlygyn-ajtty/

pixel