Алматы облысында күн суытады
Опубликовано:
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірде дауыл орын алып, температураның минусқа дейін төмендейтінін ескертті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 15-17 мамыр аралығында Алматы облысының солтүстік бөлігінде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Қазақстанның бірқатар аймақтарында жақын күндері ауа райы күрт суытады.
Республиканың солтүстігі мен орталығында 30 градустық ыстықты 6 градустық үсік алмастырады. Сондай-ақ, қар жауады деп болжануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793902-almaty-oblysynda-kn-suytady/