Алматыдағы жүрек айнытатын иістің себебі анықталды
Опубликовано:
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті 16 мамыр күні Алматы маңындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққанын хабарлады. Сондықтан, қалада таңертеңнен бері жағымсыз иіс сезілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың хабарлауынша, 16 мамыр күні түнгі сағат екі шамасында Алматы облысы Қарасай ауданы Айтей ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан қоқыс полигонында шамамен 1 гектарды құрайтын аумақтағы қатты-тұрмыстық қалдықтар өртенген.

Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
Оның айтуынша, өртті тоқтату жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794194-almatydagy-zrek-ajnytatyn-iisti-sebebi-anyktaldy/