Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін туған күнін атап өтуде. Мемлекет басшысы 66 жасқа толды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/TokayevKZ/media
Фото: twitter.com/TokayevKZ/media: Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні танымал жазушы Кемел Тоқаев пен ұстаз Тұрар Шабарбаеваның жанұясында дүниеге келген.

1970 жылы оңтүстік астанадағы №25 мектепті аяқтаған ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына оқуға түседі. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын аяқтайды.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекші референт болып бастаған.

Әр түрлі жылдарда КСРО Сыртқы істер министрлігінің хатшысы қызметін атқарған.

1993 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

1994-1999 жылдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігін басқарды.

1999 жылы республика премьер-министрінің орынбасары қызметіне келді.

1999-2002 жылдары Қазақстан премьер-министрінің міндетін атқарушы, премьер-министрі болып жұмыс істеді.

2002-2003 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін елдің Сыртқы істер министрлігін басқарды.

2007 жылдан 2011 жылға дейін депутат болып сайланып, ҚР парламенті сенатының үшінші шақырылымдағы төрағасы атанды.

2011 жылдан 2013 жылға дейін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ Еуропалық бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың 16 қазанында ҚР Парламенті Сенатының спикері болып сайланды.

Ал 19 наурыз күні еліміз үшін тарихи күн болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басқаруын Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолына бере отырып, президент өкілеттігін доғарғаны туралы мәлімдеді.

2019 жылғы 20 наурызда Тоқаев республиканы басқаруға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794419-kasym-zomart-tokaev-66-zaska-toldy/

pixel