Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист ауызашарды арабша "ифтар" деп атайтындарға шүйлікті

Опубликовано:

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Мәди Манатбек ауызашарды "ифтар" деп атамауға шақырды. Журналистің айтуынша, халықтың тым еліктегіштігі осындай жағдайға әкеліп отыр. Бұл туралы Мәди мырза Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мәди Манатбектің Facebook парақшасынан алынды
Фото: Мәди Манатбектің Facebook парақшасынан алынды: Depositphotos
"Қанша қазаққа, қанша қазақы азаматқа, аузының дуасы бар деген қанша танымал тұлғаға "ифтар" емес, "ауызашар", "ауызашар", "ауызашар" деп талмай айтып келеміз. Сонда да қоймай ифтар дейді. Ауызашар туралы көлемді мақала жазып, бір сөзді қайталай бермес үшін қолданса бір сәрі. Бізге ауызашарға келіңіз, бірге отырып ауыз ашайық дегеннің не ыңғайсыздығы бар?
Әлде қазақтың сөзі боғауыз болып естілетіндей жиіркенішті жағдайға жетті ме? Қазір дәмханаларға барсаң ифтар мәзірі деп тұрады. Бұны кім қадағалайды өзі? Имамдардан, тіл комитеті мен тіл басқармаларанынан өтінсек бола ма? Ағайындар, азаматтар, біздің тым еліктегіш халық екенімізді, өзімізден өзгенің сөзін қадірлейтінімізді ескерсеңіздер, қазақты аясаңыздар деген өтінішім бар. Құдай үшін, ифтар емес, Ауызашар деп айтайықшы", - деп жазады журналист.

Мәди Манатбектің бұл жазбасы желіде қызу пікірталас тудырды. Оған пікір қалдырушылар тобы да екіге айырылған. Бірі қазақ тілінде айтудың орынды екенін ескертсе, енді бірі қазақ тілін Алла дінімен шатастырмау керектігін айтуда.

Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы мен Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметіне хабарласып, аталған жағдайға қатысты имамдардың немесе діндегі жауапты тұлғалардың пікір беруін өтінген болатын.

Алайда, діни ұйым өкілдері бұл сұраққа жауап бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794716-belgili-zurnalist-auyzasardy-arabsa-iftar-dep-atajtyndarga-sjlikti/

pixel