Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы арудың денесі табылды
Опубликовано:
19 мамыр күні шамамен сағат 17: 30-да Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылының маңында орналасқан таулы жерлердегі іздестіру шаралары барысында полицейлер еріктілермен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелдінің денесін тапты. Бұл туралы өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылықтың қандай да бір белгілері анықталмаған. Мәйітті туыстары таныды.
Алдын ала болжам бойынша, студент қыз өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамасы өлімнің нақты себебін анықтайтын болады.
Аталмыш факті бойынша ҚК 105-бабына сәйкес тергеу басталды.
Еске сала кетейік, Айгүл Амангелді 13 мамыр күні үйінен емтихан тапсыру үшін оқу орнына шығып, қайта оралмаған. Содан бері студенттен хабар болмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794795-almatyda-zogalyp-ketken-18-zastagy-bojzetkenni-denesi-tabyldy/