Өскемен әкімі қызметкерлерге Instagram-да тікелей эфирге шығуды тапсырды
Опубликовано:
Өткен аптаның соңында Өскемен әкімі Instagram әлеуметтік желісінде екінші рет тікелей эфир өткізіп, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі апаратты отырыста қала басшысы әкмшілік бөлімдері жетекшілеріне тікелей эфирге шығу үшін арнайы уақыт кестесін құрастыруды тапсырды.
"Халықпен осындай форматта тілдесу қажет. Қалалық тұрғындардың көбі үйден шықпай-ақ , сұрақтарына жауап ала алады. Әкімдік парақшасында тікелей эфирдің апталық кестесін құрастыру қажет", - деді Жақсылық Омар.
Әкімнің баспасөз қызметінде осы аптада тұрғындар сұрағына Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жетекшісі жауап беретінін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1794966-skemen-kimi-kyzmetkerlerge-instagram-da-tikelej-efirge-sygudy-tapsyrdy/