Ақтөбе облысында көше кезіп жүрген түйеқұс тұрғындарды таңырқатты (фото)
Опубликовано:
Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында көшеде еркін жүрген түйеқұстың суреті тарауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сурет Facebook-тегі Аслан Өтеулиннің парақшасында жарияланды.
"Туған аймағымды жақсы көремін. Қандығашта иесіз түйеқұс жүгіріп жүр. Міне, осындай жаһандану", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өз болжамдарын айтуға асыққан.
"Олар: Фермадан қашып кеткен шығар?", Тарихи отанына қайтып бара жатыр", - деген сынды пікірлер қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795174-aktbe-oblysynda-kse-kezip-zrgen-tjeks-trgyndardy-tayrkatty-foto/