jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

"Бауыр басып қалғанбыз": Тұрмысқа шыққысы келмеген ару сырын ақтарды

: Facebook

Жігітімен көңіл қосқанына біраз уақыт болған ару бүгінде оған сезімі суып кеткенін айтады. Ол, тіпті, жақын арада сүйіктісімен ара-қатынасына нүкте қоюды жоспарлап жүр екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: livescience.com
Көрнекі фото: livescience.com: Facebook

Бойжеткеннің айтуынша, бұрын ол ғашығын қатты жақсы көрген.

"Ал қазір мүлдем басқаша, істеген қылықтарына, іс-əрекеттіріне ішім жылымайды. Көп ренжісеміз бірақ бəрін ұмытып кетеміз де, қайтадан ешнəрсе болмағандай айым, күнім десіп жүре береміз.

Бір бірімізге бауыр басып қалғанбыз. Оның маған деген шын көңілі бар екенін білемін. Бірақ кейде өзімді де, оны да түсінбей кетемін.

Қазіргі уақытта ренжісіп қалдық. Бұған еш көңілім түскен емес, өйткені оған деген сезімім жоқ сияқты, тек бауыр басып қалғаным болмаса. Қимаймын оны. Жақында туған күні, оған бәрін қоя салайықшы осы жерден дегім келеді.

Бірақ туған күні келе жатқан соң бұлай айтып тұрсам, бір түрлі ұят көремін. Не де болса сол күн өтіп кеткен соң бəріне қолымды бір сілтесем деймін. Жігіті құрысыншы.

Биыл оқуымды бітіремін, жұмысымды жасап, ата-анама қолғабыс болайын деген ниетім бар. Ол жігітпен ара-қатынасымды үзіп, басқа да жоспарларымды жүзеге асырсам деймін. Алға қойған мақсаттарым бар", - дейді ару.

Сонымен қатар, бойжеткен бүгінде бір ошақтың түтінін түтетуге даяр емес екенін алға тартты.

"Ол жігіт үйленгісі келіп те жүр, ал мен əлі жар болуға, келін болуға дайын емеспін. Басқаның ошағын түтетпес бұрын ата-анамды риза қылып кеткім келеді. Сосын кейінірек Алла бұйырып жатса, бір үйдің отымен кіріп, күлімен шығуға дайынмын", - дейді ол.

Ара-қатынасты тоқтатамын деп шешкен ару жігітіне туған күнге беретін сыйлық таппай жүр.

"Бауыр басып қалғанбыз": Тұрмысқа шыққысы келмеген ару сырын ақтарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.