Қырғызстаннан елімізге 200 тотықұс алып өтпек болған әйел ұсталып қалды
Опубликовано:
Шекарашылар заңсыз жанар-жағармай материалдарын, халық тұтынатын тауарлар және 200 тотықұс алып өтпек болғандарды құрықтады. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
![Қазақстанға Қырғыстаннан 200 тотықұс алып өтпек болған әйел адам құрықталды Қазақстанға Қырғыстаннан 200 тотықұс алып өтпек болған әйел адам құрықталды](https://cdn.nur.kz/images/1120/408c1d035e5199c2.jpeg)
1975 жылы туылған азаматша Қырғызстаннан Қазақстанға 200 тотықұс алып өтпек болғаны үшін құрықталды.
Сондай-ақ шекарашылар Сарыағаштағы "Қонысбаев", "Жібек жол" және Ақтөбедегі "Жайсан" өткізу пунтктерінен 1500 литр дизель жанармайын және АИ-92 маркалы бензинді өткізу талпынысын тоқтатылды.
Елге заңсыз 900 кг сиыр етінің, үш миллион теңгеге құрылыс заттарының, 20 ттонна жеміс-жидектің, 18 тоннан қанттың, 100 кг матаның және 11,5 тоннан көкеністердің кіргізілуіне тосқауыл болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795470-kyrgyzstannan-elimizge-200-totyks-alyp-tpek-bolgan-jel-stalyp-kaldy/