Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевпен бірге жүрген Сапарбаевты ақтөбеліктер қалай қарсы алды?

Опубликовано:

Қазақстан президентінің Ақтөбеге жұмыс сапарында өңірге бірнеше министр де ере барған. Қатарында облыстың экс-әкімі, қазіргі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев та бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Ozhet.kz
Фото: Ozhet.kz: Facebook
"Ақтөбеліктер президентті күтіп отырған залға бірінші Сапарбаев кіріп келді. Сол кезде халықтың бәрі қол шапалақтап құрмет көрсетті. Тұрып, амандасып жатқандар болды. Ақтөбеліктер ол кісінің үлкен масштабты қамти алатын саяси тұлға екенін мойындайды", - дейді қоғам белсендісі.

Президенттің халықпен кездесуіне өңірдің атқамінерлері мен танымал тұлғалары шақырылған.

Сондай-ақ, қонақтар қатарында Димаш Құдайбергеннің барлық туыстары болды.

Танымал әншінің әкесі, анасы, ата-әжесі және нағашы әжесі де мемлекет басшысымен кездесуге арнайы шақырылған меймандар қатарында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795510-tokaevpen-birge-zrgen-saparbaevty-aktbelikter-kalaj-karsy-aldy/

pixel