Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен үш минуттың ішінде 2300 адам эвакуацияланды (фото)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталығында оқу-жаттығу шараларын жүргізіп, жүздеген адамды қауіпсіз жерге шығарды. Жаттығулар Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт сценарийі бойынша жүргізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кемероводағы сияқты": Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен адамдар қалай эвакуацияланды (фото)
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Instagram

Өрт сөндірушілер мен ТЖК құтқарушылары оқу-жаттығуды "MegaSilkWay" сауда орталығында өткізген. Дабыл дыбысы қосылғаннан бастап 2300-ге жуық адам эвакуацияланды. Эвакуация үш минутқа созылған.

"Кемероводағы сияқты": Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен адамдар қалай эвакуацияланды (фото)
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Қарбалас кезде сауда үйінде 40 мыңға жуық адам болатындықтан, жаттығу дәл осы сауда ойын-сауық орталығында өткізілді.

"Кемероводағы сияқты": Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен адамдар қалай эвакуацияланды (фото)
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Оннан астам адамның өмірін қиған Кемереводағы "Зиняя Вишня" сауда орталығындағы сияқты өрттің ең күрделі нұсқасы батут орталығында ұйымдастырылды.

Жаттығу шарты бойынша, өрт қою салдарынан екінші қабаттағы батут паркінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер адамдарды эвакуациялап, өртті сөндірді.

"Кемероводағы сияқты": Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен адамдар қалай эвакуацияланды (фото)
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original
"Өткен жылы Ресейде көп адамның өмірін қиған күрделі өрт болғанын білесіздер. Мемлекет басшысы барлық ірі сауда орталықтарында өртке қарсы дайындықтың тексерілуін тапсырылды. Еліміздегі 1200 нысанның 29 ғана талапқа сай болған.
Кемероводағы қайғылы жағдайдан кейін сот процестері басталды. 10 аса адам сотталып жатыр. Айыпталушылардың арасында әріптестеріміз бен өрт сөндірушілер бар. Оларға эвакуация шараларын дер кезінде іске асырмады деген айып тағылып отыр. Басқалардың қателерінен сабақ ала білу керек", - деді ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.
"Кемероводағы сияқты": Нұр-Сұлтандағы сауда үйінен адамдар қалай эвакуацияланды (фото)
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 150 нысан сот процестерінен өтіп жатыр - оларды өрт қауіпсіздігі шарттарын орындауға міндеттеді.

2019 жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстандағы барлық 1200 нысан өрт қауіпсіздігіне тексеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795542-kemerovodagy-siakty-nr-sltandagy-sauda-jinen-adamdar-kalaj-evakuacialandy-foto/

pixel