Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 14 жастағы мектеп оқушысы үш күннен бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

ШҚО-ның Первомайский ауылында тұратын сегізінші сынып оқушысы Сергей Журавлев 20 мамыр күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: yk-news.kz
Фото: yk-news.kz: Facebook

Басылымның жазуынша, 2004 жылы өмірге келген Сергей Журавлевтің туыстары редакцияға хабарласқан.

Олар 20 мамыр күні 7.30-да Сергейдің үйден белгісіз бағытқа қарай шығып, содан оралмағанын жеткізді.

Жақындары сегізінші сынып оқушысы көкшіл түсті мектеп джемпері, көк жейде мен шалбар кигенін айтты.

Жоғалған мектеп оқушысының туыстары полицияға арыз түсіргенін де алға тартты.

Баланың ерекше белгілері: Шекесінің оң жағында тыртық бар.

Өзімен бірге қара сөмке ұстап жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795595-sko-da-14-zastagy-mektep-okusysy-s-knnen-beri-tabylmaj-zatyr-foto/

pixel