Нұр-Сұлтандағы төрт адамның қазасына қатысты тергеу жұмыстары басталды
Опубликовано:
Полиция Нұр-Сұлтандағы "Астана су Арнасы"-ның төрт қызметкерінің қаза болуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР ҚК 156 - бабы 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары тағайындалды.
Қайғылы оқиға орнында Нұр-Сұлтан полиция департаментінің тергеу-жедел тобы жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 23 мамыр Нұр-Сұлтанда коммуналдық кәсіпорынның төрт қызметкері қаза тапты.
ТЖК хабарлауынша, жұмысшылар бір-бірін құтқармақ болған.
Олар метанмен уланып қалуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795635-nr-sltandagy-trt-adamny-kazasyna-katysty-tergeu-zmystary-bastaldy/