Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда 800 мың теңгеге әскери билет сатқан инспектор тұтқындалды

Опубликовано:

Екібастұз қаласында қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім инспекторы тұтқынға алынды. Ол әскери борышын өтемеген адамға 800 мың теңгеге әскери билет сатты деген күдікке ілінген. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

800 мың теңге: Екібастұзда әскери билет сатпақ болған инспектор құрықталды
Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ: Original
«1 наурыздан бері Қазақстан қарулы күштерінің құрамына сарбаз қабылдау басталғалы бері әскери борышын өтеуге ниеттілер саны жыл сайын артып келеді.
Дей тұрғанмен, әскери билетті борышын өтемей-ақ, ақшаға сатып алғысы келетіндер де бар. Ұлттық бюро мұндай фактілердің жолын кеседі", - деді агенттіктің қоғаммен байланыс жөніндегі департамент басшысы Арман Бердалин.

Оның сөзінше, Екібастұз қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім инеспекторының үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ол 800 мың теңге үшін борышын өтемеген адамға делдалдардың көмегімен әскери билет алып бермек болған деген күдікке ілінді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін ұстау шаралары жүргізілмеген. Аталған іс бойынша тексеру жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795795-800-my-tege-ekibastzda-skeri-inspektor-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel