Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының бас директоры пара алды деген күдікпен екі айға қамалды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz: UGC

Елордалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рамазан Әлімқұловты қамауға алу түріндегі алдын алу шарасы ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін 2 ай мерзімге созылады.

Бұл шулы мәселеге байланысты білім және ғылым министрлігі де пікір білдірді.

"Аталмыш факті биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу үрдісіне еш әсер етпейді. Қазіргі уақытта Ұлттық тестілеу орталығы штатты режимде жұмыс істеп жатыр" , - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Ол тоғыз млн теңгеге бағаланатын жаңа "Тойота Камри" көлігін пара ретінде алды деп күдіктеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795870-lttyk-testtileu-ortalygyny-bas-direktory-eki-ajga-kamauga-alyndy/

pixel