Алматы-Бішкек тас жолында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті (фото)
Опубликовано:
Алматы-Бішкек тас жолында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Азамат жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткен деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 26 мамырға қараған түні орын алған.
"Chevrolet Cruise" маркалы көлік жол бойымен шығыс бағытта мегаполиске қарай жүрген. Жолдың 32 шақырымында жаяу жүргінші кенеттен жолға жүгіріп шыққан.


Жүргізушінің айтуынша, ол тежегішті басуға тырысыпты. Алайда, көлік ер азаматты қағып үлгерген.

Оқиға орнына полицейлер мен медицина қызметкерлері келіп жетті. Дәрігерлер зардап шеккен азаматқа көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1795990-almaty-biskek-tas-zolynda-zaau-zrginsini-kagyp-ketti-foto/