Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мектепке кітап өткізуге кеткен екі оқушы Шымкенттен табылды

Опубликовано:

Түркістан облысында мектепке кітап өткізуге кеткен сегізінші сыныптың екі оқушысы үйлеріне қайта оралмаған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images: Instagram

Оқиға Түлкібас ауданында болған. Жергілікті мектептердің бірінде оқитын екі оқушы мектепке кітап өткізуге шығып кетіп, үйлеріне қайта оралмаған.

Оқушылардың туыстары аудандық полиция бөліміне шағым түсіріп, іздестіру шаралары қолға алынды. Белгілі болғаны олар таңғы сағат тоғызда мектепке барып, жарты сағаттан соң кетіп қалған.

Кейінірек олардың "Алматы-Термез-Ташкент" тас жолының бойында Шымкент қаласы бағытына қарай автокөлік тоқтатып тұрғандары анықталды.

"Оқушыларды іздеу мақсатында іздестіру шаралары қолға алынды. Полицейлердің шұғыл іздестіру шараларының кәмелет жасына толмаған балалар Шымкент қаласынан табылып, ата-аналарына тапсырылды.
Олардың ұялы телефондарын сатып, қыдырып жүргені белгілі болды. Балаларымен қайта қауышқан ата-аналары полицейлердің жұмысына алғысын білдірді" , - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796209-trkistan-oblysynda-mektepke-kitap-tkizuge-ketken-eki-okusy-symkentten-tabyldy/

pixel