Қорғаныс министрі БҰҰ өкілдері Атул Харе және Жан-Пьер Лакруамен кездесті
Опубликовано:
Нұр-Сұлтан қаласында әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев БҰҰ Бас хатшысының жедел қолдау және бітімгершілік операциялар жөніндегі орынбасарлары Атул Харе және Жан-Пьер Лакруамен мырзамен кездесті.

Кездесу бітімгершілік үшін технологиялардағы серіктестік бойынша бесінші халықаралық симпозиум шеңберінде өтті.

Кездесу барысында ҚР ҚК әскери қызметшілерінің, оның ішінде, бітімгерші әйелдердің БҰҰ миссияларына қатысу мәселелері талқыланды.

Одан басқа, «Ақылды міндеттемелер» аясында бітімгершілік операцияларға қазақстандық Қарулы Күштердің қатысуын әртараптандыру мәселесі талқыланды. Бұл мәнмәтінде Қазақстан жақын арада БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің әзірлігі жүйесінде мамандандырылған бітімгершілік бөлімшелерді ұсынуға ниетті.

Сондай-ақ ұлттық (қазақстандық) бітімгершілік бастамаларды ілгерілету және ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін бітімгершілік операциялар мен операциялық қолдау жөніндегі БҰҰ-ның департаменттерінде бос лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі мәселесі талқыланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796305-korganys-ministri-b-kilderi-atul-hare-zne-zan-per-lakruamen-kezdesti/