Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда перинатальдық орталықта көз жұмған келіншекке қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Атырау облыстық перинатальдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев босанғаннан кейін төрт сағаттан соң көз жұмған ананың өлімін растады. Оқиға 26 мамыр күні болған деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com: Facebook

Бас дәрігер 24 жастағы келіншектің әйел адамның өмірі үшін ең тәжірибелі мамандардың күрескенін алға тартты.

"Ол бізге 24 мамырда тоғыз айлығында айы-күні жетіп түсті. 25 мамыр күні оған шаранасына қауіп төніп тұрғандықтан кесарь тілігі жасалды. Төрт сағаттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетті. Ең тәжірибелі мамандар оның өмірі үшін күресті. Сәбиді аман алып қалды, ал анасы, өкінішке орай, көз жұмды. Перзентхана қабырғасындағы әр өлім - біз үшін трагедия" , - дейді Қуаныш Нысанбаев. 

Дәрігердің айтуынша, жаңа босанған келіншекке алдын ала қағанақ су эмболиясы диагнозы қойылған.

Орталық басшысы енді сою нәтижелері мен сарапшылардың қорытындысын күту керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, бас дәрігер сараптама нәтижесі шыққан соң, перзентханада қызметтік тергеу басталатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда жаңа босанған әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796311-atyrauda-perinataldyk-ortalykta-kz-zmgan-kelinsekke-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel