Министрлік мектеп бітіру кешінің қай күні болатынын хабарлады
Опубликовано:
12 маусымда Қазақстанның барлық мектептерінде бітіру кеші өтеді. Білім министрлігі мерекелік шара республика бойынша бір уақытта атап өтілетін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның барлық мектептерінде бітіру кеші қай уақытта болатынын білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева айтты.
Шенеуніктің сөзінше, дата барлық түлектердің емтихан мен ҰБТ-ны тапсырып бітетін уақытқа таңдалып қойылған.
Вице-министр ведомство осыған дейін бітіру кешін жоғары деңгейде өткізбеуді сұрағанын еске түсірді.
Суханбердиеваның сөзінше, мектеп бітірушілер бұл ұсынысты қолдаған.
Алайда барлық ата-аналар бітіру кешін мектеп қабырғасында өткізуге келіспеген.
Олар ресторанға тапсырыс беріп, алдын-ала төлем жасап қойғанын жеткізіпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796409-ministrlik-mektep-bitiru-kesini-kaj-kni-bolatynyn-habarlady/