Еліміздің кей аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Опубликовано:
Жақын күндері еліміздің кей аймақтарында найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

29-30 мамыр күндері еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланған.
29 мамыр күні Қызылорда облысында жел күшейіп, найзағай ойнайды.
Ал 29-30 мамыр күндері солтүстік Қазақстан мен Петропавлда тұман түсіп, дауыл соғады.
Сондай-ақ Қостанай облысында 29 мамыр күні найзағай соғып, бұршақ жауу ықтималдығы жоғары.
Жақын күндерге арналған ауа райы болжамын Gismeteo.kz сайтынан біле аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796494-elimizdi-kej-ajmaktarynda-najzagaj-ojnap-zabyr-zauady/