Алматыда футбол ойнауға шығып, жоғалып кеткен 11 жастағы бала табылды
Опубликовано:
Алматыда кеше футбол ойнауға шығып, жоғалып кеткен 11 жасар Дамир Оспанов табылды. Полицейлер үйіне оралмаған баланы аз уақыттың ішінде іздеп тауып, ата-анасымен қауыштырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзірге істің егжей-тегжейі айтылмады.
Белгілісі Дамир Оспанов аман-есен табылған және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, 29 мамырда Дамир Оспанов есімді жасөспірімнің 28 мамырда үйінен футбол ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағаны хабарланды.
Баласының кешіккеніне алаңдаған ата-ана дабыл қағып, полицияға хабар берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796700-almatyda-futbol-ojnauga-sygyp-zogalyp-ketken-11-zastagy-bala-tabyldy/