Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 59 жастағы әйел сәтсіз пластикалық отадан кейін ажал құшты

Опубликовано:

2019 жылдың 13 ақпанында 59 жастағы Нәжия Мұртазина пластикалық ота жасату үшін Қаскелеңдегі ақылы медициналық орталыққа келген. Әйел адам бетінің терісін тарттырып, иек липосакциясын істемек болған. Алайда, операциядан кейін келіншек комаға түсіп, 11 күннен кейін көз жұмды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, азаматшаның өліміне май эмболиясы себепкер болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нәжия Мұртазина. Фото: NUR.KZ, volga
Нәжия Мұртазина. Фото: NUR.KZ, volga: Getty Images

Оқиға өткен жылдың маусым айынан бастау алады. Нәжия ол уақытта дәл сол орталықта жатырын алып тастауға бағытталған ота жасатқан.

Нәжияның қызы Эльвира таңдаудың не себепті дәл сол медициналық мекемеге түскенін түсіндіріп берді.

"Алматыда операциялар әлдеқайда қымбат. Анам ақшасын үнемдеді деп айта алмаймын. Ол бар болғаны таныстар арқылы жақсы хирург-гинекологты тапты.
Сол кезде ол бет-жақсүйек хирургымен танысып, отаға қызығып кетті. Оны бір магнитпен тартып алғандай болды. Ол жер оған ұнағаны соншалық, ол өзін бір құдды санаторийде жүргендей сезінді" , - деді қызы.

2018 жылдың қарашасында хирург Нәжияға қабағын тарту үшін жалпы анестезия көмегімен операция жасаған.

Эльвираның сөзінше, анасы бұл отамен қатар бетін де тартқызып, иек липосакциясын жасатқысы келген. Алайда, дәрігер оған қарсы шықғыпты. Ол келіншекке: "Сіз әдемі болып алып, бірден табытқа жатпақсыз ба?" деді.

Одан соң Нәжия бетін тартқызбас үшін орталыққа үш-төрт мәрте барып, хирургиялық әрекетті талқылаған. Марқұмның қызы анасы наркоздан қорыққан соң, отаны жергілікті анестезия арқылы іске асыруға ұсыныс жасапты.

Хирург алдымен операцияны ұзақ уақыт алатын анестезия арқылы жасауға келісіп, соңында райынан айнып қалған. Нәтижесінде, ол отаны наркозбен жасауға шешім қабылдапты.

"Операция сағат 11:00-де басталып, 15:00-де аяқталды. Мен анама қоңырау шалып, хабарламалар жібере бастадым. Оның телефоны сөндірулі болды. Бізге тек сағат 23:00-де хабарын берді.

Бізге хирург хабарласып, анам есін жиды деп өтірік айтты. Мен ота қалай өткенін сұрадым. Ол анамның өзін жаман сезініп жатқанын жеткізді.

Хирург жағдай 50-де 50 екенін айтты. Мен сәйкесінше, бірден сол жерге ұшып шықтым" , - деді марқұмның қызы.

Эльвира таңертең медициналық орталыққа келгенде анасы комада жатқанын білген.

"Келесі күні, 14 ақпанда бәрі кіріп-шығып жүре берді. Мен де кіре алдым. Себебі, бұл шынайы реанимация емес, қарапайым палата болған. Мен анамның беті ісіп, мойнының қатты көгеріп кеткенін көрдім" , - деді әйел.

Эльвира анасына отадан кейін тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілмеген деп есептейді.

"Оған жүрек массажы жасалған. Себебі, сараптамаға сәйкес, оның бесінші, алтыншы және жетінші қабырғасы сынған. Хирург тартып шығарса, реаниматолог жүрек соғуы үшін адреналин салған болу керек.

Дәл сол сәтте жасанды тыныс алу аппараты болмаған. Құрылғы көрші ғимаратта болған. Оны алып келіп орнатқанша, ми жасушалары оттегі жетіспеуінен өліп қалған.

Егер де оларда жансақтау бөлімі болып, олардың қолында аппарат болғанда бұл жағдай орын алмас еді. Бұл біздің сотта дәлелдегіміз келетін болжамдарымыз" , - деді Эльвира.

Сот-медициналық сараптамасы 59 жастағы әйелдің өліміне май эмболиясы себеп болғанын көрсетті.

Эльвираның түсіндіруінше, май жасушаларының белгілі бір бөлігі өкпеге өтіп, анасы соның салдарынан тыныс ала алмаған. Жасанды тыныс алу аппаратын сол себепті қосыпты. Алайда, тым кеш болған.

Эльвираның сөзінше, анасына липосакцияны жасауға қайшы келетін бірқатар ауру болған.

Нәжия созылмалы пиелонефритпен ауырған және үшінші дәрежелі артериалық гипертензия, семірудің екінші деңгейі, гипотериоз, қалқанша без дерті, холецистэктомия (2018), микроинфаркт (2011) және стенокардия (2011-2018 гг) болған.

Нәжияның қызы полицияға жүгінген соң оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Хирург Қылмыстық кодекстің 317 бабы үшінші бөлімі "Медицина және фармацевтика қызметкерінің дұрыс орындалмаған кәсіби қызметінің нәтижесінде орын алған адам өлімі" бойынша айыпталып жатыр.

Эльвира тергеушіні үш ай бойы түк жасамаған деп есептейді. Оның сөзінше, іс бойынша мүлде тергеу жұмыстары жүрмей жатыр.

Алматы облысы ПД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет бұл істің ерекше бақылауға алынғанн айтты.

"Іс бойынша тергеу жұмыстары бақылауға алынды. Күдікті бар. Жақын арада қылмыстық іс сотқа жіберілетін болады. Сол жерде ақырғы шешім қабылданбақ" , - деді Нұрахмет.

Ақылы медициналық орталық та оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Нәжиядан отаға қайшы келетін жағдайлар анықталмағанын айтты.

"Операция алдында Мұртазина тексерістен өтті. Отаны жасау үшін қажетті анализдердің барлығы алынды. Олардың нәтижесінде, операция жасауға қайшы келетін тұстар анықталған жоқ" , - деді орталық өкілі KAZ.NUR.KZ редакциясына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797039-almatyda-59-zastagy-jel-stsiz-plastikalyk-otadan-kejin-azal-ksty/

pixel