Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 40 мың гектар жер қытайларға сатылды деп елді шулатқан әйел кешірім сұрады

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында 40 мың гектар жер қытайларға сатылып кетті деп жалған ақпарат таратқан әйел халықтан кешірім сұрады. Ол ақпараттың рас-өтірігін анықтамай, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге жолдағаны үшін өкінетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадр, modernrieltor.ru
Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Видеодан кадр, modernrieltor.ru: Instagram

Өзін Айгүл Саханова деп таныстырған әйел Күршім ауданының тұрғыны. Ол жақында Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жалған ақпарат таратып, халықты шулатқан болатын.

Келіншек Күршім ауданындағы 40 мың гектар жер Қытайға сатылып кеткенін айтып, халық арасында дүрбелең салды. Алайда, мұны билік өкілдері жоққа шығарып, жер сатылатыны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Көп ұзамай дәлелсіз хабарлама таратқан әйел де көпшіліктен кешірім сұрады.

"Мен Күршім ауданында 40 мың гектар жер сатылады дегенді естіп, әлеуметтік желі арқылы таратып жібердім. Ал үш-төрт күннен кейін бұл ақпараттың өтірік екеніне көзім жетті", - дейді Айгүл Саханова.

Бұл жаңалық көптеген отандық сайттар мен әлеуметтік желілерге жарияланып, халықты алаңдатып қойды. Алайда, заңгерлер мен жергілікті билік өкілдері тексерілмеген ақпаратты пайдалану кезінде абай болуға шақырып, ескерту жасады.

Елді дүрліктірген келіншекпен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797094-sko-da-40-my-gektar-zer-kytajlarga-satyldy-dep-eldi-sulatkan-jel-kesirim-srady/

pixel