Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында жайылған ең ұзын дастархан Гиннесс рекордтар кітабына енді (фото)

Опубликовано:

Мысырда жеті мың адамға арнап жайылған ең ұзын дастархан ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: twitter.com/WatanNews
Фото: twitter.com/WatanNews: Facebook

Сенбі күні әкімшілік астанада жалпыға бірдей ұйымдастырылған ауызашар дастарханының ұзындығы 3 шақырым 189 метр 83 сантиметрді құраған.

Осылайша, пирамидалар елі Аджман әмірлігіндегі (БАӘ) 2900 метрлік рамазан дастарханын басып озды.

Фото: twitter.com/WatanNews
Фото: twitter.com/WatanNews: Twitter

Одан бөлек, жақында Гиннесс рекорды Мысырда тағы бір рет тіркелген еді. Мамыр айының ортасында әлемдегі ең кең аспалы көпір қолданысқа берілген: Ніл арқылы салынған алты жолақты көпірдің ұзындығы 540 метр, ені 67,36метр.

Фото: twitter.com/WatanNews
Фото: twitter.com/WatanNews: Facebook

Анықталғандай, рекорд туралы ресми сертификат Каирге жексенбі күні табысталды.

Айта кетейік, мұсылмандардың қасиетті рамазан айы аяқталуға жақын. Алда ораза айт мерекесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797325-ramazan-ajynda-zajylgan-e-zyn-dastarhan-ginness-rekordtar-kitabyna-endi-foto/

pixel