Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте автобусын жөндеп жатқан ер адамды өз көлігі басып кетті

Опубликовано:

Шымкентте үйінде автобус жөндеп жатқан ер азамат жазатайым оқиғаның салдарынан ауруханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

1981 жылы дүниеге келген ер азамат автобусын жөндемек болып, ондағы бірқатар бөлшектерді шешкен.

Алайда көлікті дұрыс қоймағандықтан автобус орнынан өздігінен қозғалып, жүргізушіні басып кетіпті.

Дәрігерлер науқасты ауруханаға жеткізгендерін, жағдайы ауыр екенін айтты.

Олардың айтуынша, науқастың басы мен кеудесінде, іш құрсағына жалғасқан жарақаты болыпты.

Сондай-ақ, ақ халаттылар көкірек клеткаларының жабық жарақаты, оң жақтағы 6-7 қабырғаларының жабық түрде сынуы, бас сүйек-миының ашық жарақаты, бас миының соққысы, бас және бет сүйегінің сынуы да анықталғанын атап өтті.

"Кезекші хирургтер бригадасы науқасты шұғыл түрде толық тексеруден өткізді. Компьютерлік томография іш құрсағындағы ішкі ағзалардың бүлінгендігін анықтады. 8х8 см көлемде асқазанның үлкен жыртығы және іштен қан кетіп жатқаны мәлім болды. Операция кезінде сынған және жыртылған ағзалардың бәрі ретке келтіріліп, ішкі органдарға тексеру жүргізілді. Қазіргі таңда хирургиялық бөлімге ауыстырылып, тиісті емін алып жатыр. Жағдайы бір қалыпты", - деді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797438-symkentte-avtobusyn-zndep-zatkan-er-adamdy-z-kligi-basyp-ketti/

pixel