Ақтөбе облысында сегіз отбасы апаттық үйде жандарын шүберекке түйіп отыр
Опубликовано:
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында апаттық жағдайда тұрған үйдің тұрғындары шырылдап жағдайларын айтты. Жанын шүберекке түйіп отырған 8 отбасы адам төзгісіз жерде өмір сүруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/d16cc3b070b80f68_w.jpeg)
Елді мекен тұрғындары су, газ жоқ екенін, әлі күнге от жағатындарын ашына айтты.
Олар өлместің күйін кешіп отырғандарын да жеткізді.
Бұл үйдің тұрғындары биліктің уәдесіне тойғанын да атап өтті.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/b4e90ecf0d1c611d_w.jpeg)
"Үй алуға жағдайымыз жоқ. Көп жылдан бері халықты әуре-сарсаңға салған мәселеден билік те құлағдар. Қанша хат жаздық, сауал да жолданды. Бірақ әлі шаруа түпкілікті шешілмеді. Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршадық",-деді тұрғын Тотан Төлеуов.
Оның айтуынша, бұл үйдің апаттық жағдайда деп танылғанына көп болған.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/c0183a048ddea497_w.jpeg)
Алайда 8 отбасы осы күнге дейін басқа жаққа көшірілмеген. Апаттық үйдің тұрғындары баспананың тек 15 пайызы ғана жарамды екенін айтады.
Жергілікті билік құлаудың алдында тұрған үйдің мәселесін шешуге асығар емес.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/0e2a3264212db6ba_w.jpeg)
Мән-жайды жергілікті әкімдіктен хабарласып білгенімізде аталмыш үйдің тұрғындары қыркүйек айында жаңа баспанаға көшірілетінін хабарлады.
![Фото: NUR.KZ Фото: NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/7f1ae0f466369b86_w.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797629-aktbe-oblysynda-segiz-otbasy-apattyk-jde-zandaryn-sberekke-tjip-otyr/