Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төбем көкке жетті": Головкин отандасына алдағы жекпе-жегіне билет сыйлады (видео)

Опубликовано:

Головкиннің Нью-Йорктегі ашық жаттығуына келген қазақстандық жанкүйер Асқар Байбосынов боксшының алдағы жекпе-жегіне арналған билеттің игері атанды деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жанкүйерлеріне қолтаңба үлестірген Головкин қазақстандыққа жекпе-жегіне билет сыйлады
Фото: instagram.com/vestikzgram видеосынан алынған скриншот: Facebook

Асқар Байбосынов Нью-Йорк қаласында оқып, жұмыс істейді. Ол GGG ашық алаңдағы жаттығуына Қазақстан туын ұстап келген.

Сөйтіп, Головкин командасы оған және тағы бір жанкүйер қызға билет сыйлаған.

"Головкин ашық жаттығу өткізетінін естігеннен кейін жұмыстан сұрандым да, қолдау көрсету үшін келдім. Маған GGG командасы Головкиннің қолтаңбасы қойылған билет сыйлады. Не айтарымды да білмеймін. Төбем көкке жетті. Геннадийге рақмет", - деді Асқар Байбосынов.

Боксшы жаттығудан кейін жанкүйерлеріне қолтаңба берген. Қазақстандық жанкүйерлер ұзақ уақыт бойы отандасын жібермеген.

Еске сала кетейік, 8 маусым күні Головкин Стив Роллспен кездесу өткізеді. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 9 маусым күні таңертең басталады.

Боксшы күні кеше Нью-Йорк көшелерінде ашық жаттығу өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797787-zankjerlerine-koltaba-bergen-golovkin-otandasyna-zekpe-zegine-bilet-syjlady/

pixel