Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Төсек қатынасынан кейін ерлі-зайыптылар не істеу керек?

Опубликовано:

Төсек ләззатының шырмауынан шыға алмай, сол бір тәтті сәтті соза түсуді қалайсыз ғой?! Алайда, киноларда көрсетіліп жатқандай, терең сезімнің құшағында ұйқыға кетпес бұрын өмірде басқаша екенін ұмытпаңыз. Ендеше, жыныстық қатынастан соң не істеу керек? Бұл сұраққа ERNUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: nastol.com.ua
Көрнекі фото: nastol.com.ua: Twitter

1. Жыныстық қатынастан соң жуынып-шайынуға асығып тұра жүгірмей, аз уақыт болса да ерлі-зайыптылар бір-бірін құшақтап жата тұру бір-біріне тән жақындастығын ғана емес, рухани жан-дүниенің де бірігуіне өз әсерін тигізеді. Ерлі-зайыпты төсек қатынасынан соң дереу бөлініп кетпей, құшақтарын айырмауы олардың бір-біріне қаншалықты керек, қаншалықты жақын адам екендіктерін сездіруге таптырмас мүмкіндік.

2. Әйел адам арада белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жуыну бөлмесіне кіріп, дәрет алардан бұрын әжетті өтеп алу керек. Әжетті өтеудің қажеттілігі болмай, қуық бос болған жағдайда да күшеніп зәрді аз болса да шығаруы керек. Бұл әйелдің жыныстық ауруларының алдын алады. Яғни, әйелдерде жиі кездесетін цистит және инфекциялық ауруларды болдырмауға жасалынатын алғашқы қадамдардың бірі.

3. Ер адам да, әйел де қатынастан соң ұйқыға кете салмай, жуынып жатуы керек.

4. Егер жүктілікті жоспарлап жүрген болсаңыз, әйел жыныстық қатынастан соң жарты сағат бойы төсектен тұрмай, аяқтарын бастан сәл ғана биіктеу етіп жоғарыға көтеріп жатқаны жөн. Бұлай жасау - ұрықтың құрсаққа тезірек орналасып, әйелдің жүкті болуына септігін тигізеді.

5. Жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін кейбір ер адамдар контрацепция негізінде ұрықты сыртқа шығаруға ұмтылады. Бұл жағдайға әдеттеніп қалған ер адамның да, оның жұбының да денсаулықтарына айтарлықтай теріс әсер ететінін біле бермеуі де мүмкін. Сондықтан, жүктіліктен сақтанудың бұл жолын таңдасаңыз да жиі жасап, әдетке айналдыруға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797902-18-tsek-katynasynan-kejin-erli-zajyptylar-ne-isteu-kerek/

pixel