jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

: Getty Images

Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жетіқыры» атты мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық біздің бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс. Көптеген шетелдерде көрсетілген Қазақстанның заманауи өнер көрмесі алғашқы рет өзінің шығармаларын өңір тұрғындарына паш етіп жүр. Солардың бірі – Тараз өңірі болып отыр.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Getty Images

Суретшілердің шығармаларында көшпенділердің құндылықтары мен дала мәдениетін қанық бояумен суреттеу үшін осы саладағы бүкіл әлемнің ең озық, ең шеберлік үрдістерін қолдануға барлық мүмкіндік жасалынған.

Көрмеде Алмагүл Менлібаева, Сауле Сүлейменова, Рашид Нүрекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшілердің туындылары қойылған.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Getty Images
«Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымызды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді», - деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади.«Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымызды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді», - деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади.
«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Getty Images

Мақалада көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелер туралы шығармалар сыр шертіп тұр.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Facebook

Экспозиция да дәстүрлі техникалар мен орындалған: мүсін, кескіндеме, графика, сонымен бірге жаңадан енген – инсталляция, обьект, перформанс, видео және медиа-арт бағыттары бар.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Facebook

Көрменің ашылуына қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова өз сөзінде:

«Осындай құнды мұраларымызды асқақтата түсу – бәрімізге ортақ парыз. Ұлы Дала тарихы мен танысуға мол мүмкіндік беретін, Қазақстанның заманауи мәдени болмысын бейнелейтін бұл көрмені тамашалауға шақырамын», - деп атап өтті.
«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды
: Facebook

Бұл өнер туындыларын қала тұрғындары 1 ай бойы облыстық драма театрына барып, тамашалай алады. Көрме қылқалам шеберлерін жаңа шығармаларды дүниеге әкелуге ынталандырады. Жамбыл өңірі де талантты суретшілердің қиялын көкке өрлететініне еш күмән жоқ.

«Ұлы Дала хикаялары»: Таразда Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.