Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі үйіне қамап қойған елордалық әйел жындыханаға түсе жаздаған

Опубликовано:

Елордада ақылы психологтардың кеңесіне жүгінетін тұрғындар көбейген. Күйзеліске түсіп, жанын қоярға жер таппайтын əйелдерге психологтар демеу болып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуі үйіне қамап қойған елордалық келіншек жыныдыханаға бара жаздаған
Көрнекі фото: Womanadvice.ru: Facebook

Нұр-Сұлтандағы жекеменшік консультативтік-кеңес беру орталықтарының мамандары көп жағдайда 30 жасқа дейінгі əйелдер психолог кеңесіне көп жүгінетінін алға тартты.

"Жас ерекшеліктері əркелкі, бірақ 30 жасқа дейінгілер көп келеді. Ер адамдар сирек, əйелдер жиі келеді. Бəрінің айтатыны бір - отбасылық мəселелер.

Мəселен, бізде бір жағдай болды, күйеуі қатты қызғанғандықтан, əйелін үйіне қамап қояды екен. Келіншек тіпті дүкенге барудан қалған. Бір жылдан астам уақыт бойы үйқамақта қалған əйел жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған.

Абырой болғанда, қыздың ата-анасы араша түсіп, алдымен бізге алып келді. Қазір емін алып тұрады деп естідім, ал күйеуімен ажырасып кеткенге ұқсайды. Бұл тек бір жағдай ғана, өкінішке орай осындайлар қазір көп", - дейді маман.

Сонымен бірге, психолог қазақ əйелдерінің денсаулықтарына салғырт қарайтынын жеткізді.

"Қазақтың қыз-келіншектері күйзеліс дегенді білмейді. Бəрін ішке жинай береді, күнделікті күйбеңмен жандарына тыныштық бермейді.

Ақыры бізге депрессияның соңғы сатыларында келеді. Əйел адам бақытсыз болса, отбасының да берекесі қашады. Ал денсаулық дегеніміз алдымен жанның саулығы.

Сондықтан психологтарға келіп, қаралу керек. Қазір білікті мамандар өте көп, бұрынғыдай некен-саяқ емес", - деп сөзін аяқтады маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1797991-kjeui-jine-kamap-kojgan-elordalyk-kelinsek-zynydyhanaga-bara-zazdagan/

pixel